Өлеңдер ✍️

  29.12.2023
  398


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Қаракөз

 


Қаракөз сірә шынайы бақыт деседі...


Қап-қара көзі ерекше ғажап мекені.


Көңілімдегі қызық ой жатыр мазалап,


Қаракөз ару дауысын естіп жүргелі.


 


Сыңғырлап даусың таңырқап әлі келемін,


Қаракөз қалқам шынайы саған сенемін.


Аязды күнде лапылдап жанған жалындай,


Көздеріңнен мен, өшпес бір отты көремін.


 


Айтар сөздерің ұмыттырмайды арманды,


Арманым биік сонау алыс қамалды.


Қиналған сәтте қараңғы тұман өмірден,


Қаракөз тек сен табылғандайсың ішінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу