Эсселер ✍️
Неге біз заңгер мамандығын таңдадық?
90 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет - ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.
1934 жылдың 15 қаңтары – университеттің нақты құрылған күні болып белгіленді.
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды.
ҚазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
Сондықтан, біз болашақ мамандығымызға қажетті білімді дәл осы университеттен алатынымызға сенімді болдық.
Неліктен мен бұл мамандықты таңдадық?
Біріншіден, бұл жұмыс адамдармен жұмыс істеуді, олармен тірі қарым-қатынасты қамтиды. Бұл мамандық коммуникативтілікті, логикалық ойлауды, жақсы есте сақтауды, адалдықты, жауапкершілікті, дұрыс шешім қабылдай білуді, ұшқыр тапқырлықты қажет етеді.Бұл мамандықтағы адамның бойында мейірімділік, жауапкершілік, адамгершілік, адалдық, әділдік, ар-намыс, әдептілік, сыйластық, инабаттылық сияқты жеке қасиеттердің болуы да сондай маңызды. Бұл мамандық оңай емес, оған қол жеткізу үлкен ынта мен еңбекті қажет етеді. Жаңадан келген заңгер , тәжірибелі мамандардың тәжірибесін тыңдай білуі, заң аясында әділетті болуға үйренуі қажет. Заңгер – шығармашылық мамандық. Мысалы, сот ғимаратында қазылар алқасымен сөйлеген адвокат сахнада көрерменге өнер көрсетіп жатқан суретші сияқты. Бұл мамандықтың қиындықтары мен кедергілері мені қатты қызықтырады және әрі қарай дамуға ынталандырады. Білім халықтың сұранысына ие болады. Ал белгілі бір білім алған кезде, мүмкін, мен өзімді саяси қызметке арнаймын, заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға және өзгертуге қатысамын. Адвокаттың басты мақсаты – заңды сақтау, әділетсіз сотталуы мүмкін адамның тағдыры үшін жауапкершілік. Осының салдарынан әділетсіз үкім адамның бүкіл өмірін бұзуы мүмкін.
Мамандықтың барлық қыр-сырын меңгеру үшін кодексті жетік білу, заңдар мен баптарды нақты пайдалана білу, психолог болу, адам жанын түсіну керек.Осының бәрі табандылық, есте сақтау және төзімділік.пен еңбекті қажет етеді. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз және жетістікке жетеміз! Заңгер мамандығы ең танымал мамандықтардың бірі, өйткені заңгер кез келген ұйымға, өндіріске қажет. Болашақта жақсы, қызықты, жалақысы жоғары жұмыс таба аламын деп сенемін. Біз адамдарға пайдамызды тигізуге тырысамыз.
Дәл осы сәтті пайдаланып, мақсатымызға жету үшін, бізге білім беретін ақылшы ұстазды, әрдайым қолдау көрсете білетін, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Урисбаева Айнур Аман кулова туралы айтып өткен жөн болар.
Әлем әдебиетінде ұстаз туралы жазылған сансыз шығармалар мен туындылар жеткілікті. Бұл мамандық иелерінің білімді болашақ ұрпақ қалыптасуындағы еңбегі зор. Осы тұрғыда,
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады – деп, өз нақыл сөздерін қалдырып кеткен, қазаққа еңбек етіп, ұстаздық қылған Ы.Алтынсариннің сөздерін осы бір тұста келтірмеске болмас. Кез-келген үлгілі әрі белсенді студент артында әрдайым өзінің білгендерін үйрететін, кереметтей оқытушының болуы анық. Енді әлбетте мамандық жайлы айтып өткен шақта, осы мамандық бойынша оқытушы ұстаздарымызды айтпай қалған жөн болмас. Соның бірі Азаматтық іс жүргізу пәнінен сабақ беретін ұстазымыз Урисбаева Айнур Аманкуловна, ол кісіден аз уақыт көлеміндей уақытта тәлім алсақ та, үйренгеніміз көп болды. Әрине тағы үйренетін нәрселеріміздің де көп болуына кәміл сенемін. Апай жайлы айтар кезде ең алдымен, ол кісінің сабақ өту тәсілін айтқан дұрыс болар, себебі әрбір студенттің кез-келген тақырыпты түсініп, оның қай дәрежеде соны меңгергендігіне көз жеткізіп отырады және бағалайды. Студент айтылған іс-әрекеттер заң жүзі бойынша азаматтық іс жүргізуде қалай жүзеге асатындығына да әрдайым баса назар аударады. Енді сайып келе біздің оқытушымыз ұлы мұғалім шабыттандырады демекші, бізді әрқашан да жаңа ашуларды үйренуімізге бар септігін тигізеді және бізге берілген уақыт көлемінде заңда азаматтық істердің қыр-сырын үйретуден жалықпас. Әрине біздің оқытушы ұстазымыз, Айнұр апайға айтар алғысымыз шексіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter