Ассаламу алейкум! Жаңа үйге кірген қоныс иелері шаңырақта берекет болуы үшін шариғат бойынша қандай амал жасағаны дұрыс?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Жаңа қонысқа кіргенімізде ағайын-туыстар мен көрші-қолаңды шақырып, дастарқан жаю қазақи дәстүріміз. Бұл шариғат бойынша шақырылғанда бару мұстахаб болып табылатын бес той-томалақтың қатарына жатады. Шариғатта бұл қонақ асын уәкира деп атайды. Уәкира – үй құрылысы бітуіне орай жайылған дастарқан. Сонымен бірге, төмендегідей амалдарды жасаған жөн:
1. Шаңыраққа кіргенде дұға оқу. Хадисте риуаят етілген дұға мынадай: «Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин шәрри мә холәқ» (мағынасы: Алла жаратқан барлық мақұлықтардың зиянкесінен Алла Тағаланың барша сөздерімен пана сұраймын). Хаулә Хакимқызы (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім бір үйге кіретін болса, «Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин шәрри мә холәқ» деп айтсын. Міне, сонда ол жерден көшіп кеткенше ешбір зияндық көрмейді[1]», – деп айтылған.
2. Бақара сүресін оқу. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Үйлеріңді бейіт сияқты етіп жібермеңдер. Шындығында, Бақара сүресі оқылған шаңырақтан шайтан қашады[2]», – деп айтылған.
3. Таңертеңгілік және кешкі дұғаларды оқып жүру;
4. Аманшылық болсын әрі түрлі зиянкестен сақтасын деген ниетпен садақа беру және нығметтер үшін Жаратқанға шүкіршілік ету.
[1] Муатта
[2] Муслим
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter