Әңгімелер ✍️
Жақсы келін қор болмас
Жаздьң жарқьн кеші болатьн. Далада әр түрлі ызыңдағаншіркейлердің дауысы құлаққа жағымсыздау естіліп тұр.
Бибайша апа, үйінің жанында өзіне соғып берген ағашкереуетте төрт жасар үлкен немересі Бексұлтандыбауырына басып отырып,
-балам, сен өскенде әкең сияқты боласың ба?
-Жоқ.
-Неге?
-Әкем жаман. Жаңа сізді ұрды ғой. Мен өскенде өйтпеймін, — деп жаны ашып, әжесін жас баладай көріп басынан сипалаған кезде, ызаланып отырған Бибайша кішкентай баланың есті, қылықты сөздерін есітіп,
-Күнім менің айналайын, — деп көзіне мөлтілдеп келіп тұрған жасты сығып жіберіп қайта-қайта бетінен сүйіп аймалай ұзаққа дейін өзіне келе алмады. Бір кезде басын көтеріп Бексұлтанға қарап, ұзақ ойын өзінше дұрыс тізгендей болды да, ентіккен үнмен дірілдей , -балам, сенің әкең ілгеріде тамаша жан еді. Жалпы, бүкіл жанұямыз керекмет берекелі болотын. Анаң, осы үйге қадам басып, отбасымыздың бір мүшесі болып қосылғалы, біздің де, әкеңнің де өмірлеріміз бен мінездеріміз мүлде езгерІп шыға келді. Ата-бабаларымыз *Келіннің аяғынан* немесе *Жақсы келін құт, жаман келін жұт*-деп айтушы еді. Әкең, кішкентайынан мен үйде болмасам, ас ішпейтін. Мектеп кезінде, алып келген бестік бағаларын, кейін өсе келе бастағалы жатқан істерінің бәрін бізбен ақылдаспай, бөліспей жасамайтын. Бұл баламнан, осыншалықты өзгеріп,маған ауыр сөздер айтып, жаныма жәбір көрсетіп, қол кетереді деп күтпеген едім. Кейде анаң екеуміз әкеңнің көзінше сөзге келіп біраз жерге барьп қалсақ та, әкең бір ауыз әйеліне қарап қой демейтін. Айналып келіп маған.-апа, сен-ақ қоя салшы, жас қой әлі. Әлі-ақ түсніп кетер, — дейді. Немесе кейде үндемей отыра беретін. Бәрінен бұрьн әкеңнің, шешеңе бата алмайтынына күйіп кетемін -деп,ашуланып немересін үлкен кісідей көріп, ішіндегі мұңын шағып отырғанда, гүрсіл қағып, жерді жарып жіберердей, иығын кемсеңдетіп, орта бойлы тұздай көзімен атып жіберердей Әсел жалмаңдап келді де, енесінің бауырында жатқан Бексұлтанды жұлып алып қолынан сүйреп,
-не істеп отырсьң жатпай?! Әжеңді жаңа кердң бе? Бүл кісінің алдында көп отыра берсең, сені де, әкеңе ұқсатып, менен алыстатып жібереді. Баласын бақытты болсын деудің орнына, менен қызғанып, жамандай беретіні несі осы? Бұлай қызғаныштан өртенетін болса, не үшін үйлендіреді екен — деп баласының үстіндегі жамандықтарды қағып жатқандай, баласынан бас көтермей күмбірлей Бексұлтанның киімдерін реттеп алды да, Бибайша апа, әй дегенінше үйіне жұлқылай жетелеп алып әкетті. Бибайша апа, бір кемсеңдеп алып, артынан баруға оқталып, кейіннен келінінің көкбет, айтқанынан қайтпайтын, қажет болса тағыда баласын өзіне айлап салатынын ескеріп,өзін басып, сол жайында үнсіз тістеніп, үнсіз жылап қала берді. Көп отыра алмады. Жаны тыныш таппай,-мейірімсіз жан ашумен баласын ұрып өлтіріп қоймаса жарар еді. Көкбеттің қолынан бәленің бәрі келеді деген оймен үйіне қарай шолтаңдап жүріп бара жатқанда, бағанадан бері сарайдың жанында үй жақты бақылап отырған ЖеңІс, күштенген кеудесімен үйге жақындап келіп, есікке соза берген анасының қолын ұстап қалып,
-апа, болды ғой енді .Таң атқалы ұрысып жатқандарыңыз. Жетер! Ел-жұрттан ұят емес пе? Уйдің әбден берекесі кетіпболды ғой? Біреуіңіз де 6ір кешірімшіл жоқ. Ол да адам баласы емес пе? Бауырыңызға басып икемдесеңіз қайтеді, — деп әйеліне сөз жуытқысы келмей ақыл айтқансып еді, Бибайша апа Жеңістің жүзіне көзін аларта қарап,
-берекесі дейсң бе? Сен бе берекені білетін? Құлыным-ай,сен берекені білетін болсаң, әйеліңнің сөзіне еріп анаңа қол көтересің бе? Бүгін міне қол кетердің, ертең бұл бетіңмен өлтіретін шығарсың мені? Сен өзің қайдан шықтьң? Дәл осылай жас болып жүре берем дейсіңдер ме? Сендер де менің жасыма жетерсіңдер!. Сонда іштеріңнен шыққан балдарың өздеріңе қарсы болып отырса жақсы көресіңдер ме? "Дүние алма-кезек" дегең құлыным. Қазір мен жыласам ертең сендер жылайсьңдар. Ешқандай ана баласына жаман тілемейді.Бірақ құдайдың құдіреті күшті. Ешқандай тірлікті жауапсыз қалдырмайды. Бас қосқандарыңа жеті-сегіз жыл болса да, сендер маған адам құсап сыр айтып, менімен ойласқан істерің болмаған.Сендер үшін мен жоқ сияқтымын. Кіммін мен сендерге?, Әр жерде домалап жататын доппын ба, қолдарың қышыса ойнап кете беретін? Әкең марқұм да сендердің күйіктеріңнен ауырьп өтті. Артыңдағы өзіңнен кейінгі Жұлдыз бен Сапарға берер тәрбиең осы ма сенің? "Отанын ойлаған орта жолда қалмас", Қу маңдайым сор екен менің сор- деп, басын төбелеп жылап кеткенде Жеңіс анасының бұл қылығын ерсі көріп, көшеде өткен- кеткен адамдар естімесін дегендей, - апа мен қол көтерген жоқпын. Ашулмен тиіп кетті- деп тістене күмбірлеп, үйінің сыртқы есігін ашып ішке қарай итергендей етіп кіргізіп жіберді. Бағанадан зарлап жатқан анасының сөзін Жеңіс сөз екен демеді. Жеңіс бұл сөздің бәрін талай естіген болатын. Ал Бибайша апа бұрынғысынша зарлап қоя берді. Сол кіргеннен сыртқа қайтып оралмады. Осылай зарланған апа, күндіз- түні ызаланып, таң атырды.
Ертеңіне сәске уақыт болатын. Бйбайша апа өзінің меншікті ағаш кереуетінде бүгін-ертең алдында өлім күтіп тұрғаңдай, бар киімдерін 6ір түйіншек етіп бүктеп, мең-зең болып отырған кезде, қасына көршісі, алпыстан асқан еңкіштеу қимылды абысыны Жұмагүл келіп,
-Аманбысың Бибайша? Әй, немене, жаңа қайны тауып алып еншіңді алайьн деп жатқаннан саусың ба? — деп қалжыңдай кереуеттің шетіне уһілеп отыра бастады. Бибайша апа басын көтерместен қолындағы киімдерін жинай отырып, жаймен ғана. Әзірге аман сияқтымын — деп дауысын дірілдете, күмбірлей жауап берді.
-Әй , немене, не көрінді саған,? Түсің езгеріп, әбіржіп кетіпсің ғой?
-Абысьн-ау, несін айтайын? Аллаға не жазғанымды білмеймін. Өзіңіз білесіз. Енеме сөз қайтармақ түгілі, бетіне тіке қарамайтын едім. Қайныңыз да марқұм, менің ата-анамды қалай сыйласаң сені де, мен солай құрметтеймін -деп, отырушы еді ғой жарықтық. Мына бала кімге ұқсағанын қайдам? Маған жұлдызы қарса перзент болды. Өмірде менің келіннен ұлдан сорым бар екен, — деп жайдың бәрін түгелімен тізіп жеткізіп *қайырымы түсіп аяйыншы десе аюдьң да қолынан адамгершілік келеді*- деген. Біздің балдардікі көкірек қой кекірек, — деп қолындағы түйіншек киімін керсетіп, — Мен анау-мынау болып кетсем мына киімдерді езіңіз елге беріп таратарсыз, — деді де терге, жасқа шомылған жүзін алдындағы киімдердің бірімен сүртіп, бүйырғандай болып, соңынан Жұлдыз бен Сапарды қимайтынын айтты.
-Қой, қайдағы жоқты айтпай. Жеңістен рахат кермесең Сапардан көрерсің, Жұлдыз енді ол жат жүрттық, одан кересің деп айта алмаймын. Неге, әке-шешесін шақырып, қыздарының қылығын айтып, әкесіне ұрыстырып басып қоймайсың?
-Бұл, әке-шешесін тыңдайтын адам емес. Отбасын қатын басқарған көш оңушыма еді? Шешесінен көргенін істейді да, қыз деген. Қыздарына ақыл айтудың орнына, шешесі қайта-қайта келіп, екеуінің араларына түсіп, қызына, -сүміреймей басыңды көтеріп жүр. Сен бұл үйге құл емессің. Бірдеңе дейтін болса бізге айт. Түрмеде шірітемін бұларды деп жүрген шешеден тәуір ақыл шығады дейсіз бе? Әкесі жүрген бір алқаш. Балам жақсы көрген соң, осы күнге дейін, дұрысталып кетер деген үмітпен келдім ғой!
- Онда, келініңе сеніке дұрыс деп қана күн көресің. Арғы жағында бар адам өзі-ақ түсініп кетер. Бірақ, артын да ойлағаның жақсы. Сен жақсыны жиі айта берсең де басьндағы бөркін құндыз бөрік деп ойлауы мүмкін. Соңдьқтан да, алдымен өзің шыдамды болуға тырыс. Егер бұдан артык, шыдай алмаймьн десең алыстау жерге еншілерін беріп жібер. Мүмкін сонда алыста жүріп қинапып түсінер сенің қадіріңді
-Қане, дүние болса беріп жіберер едім-ау. Бұның, айтатыныда осы ғой! Бір арзандау қазірге жарайтын там да жоқ, бөліп жіберейін десем. Әкесі болмаған соң, балам да, келіннің айдақтауына шауып, жанымды жаралай бермей өзі ойланып басын көтерсе болады ғой?! Өздері тиын тауып, қолыма ұстатпаған соң, менен қандай дүние күтеті бұлар? Төркінінің де жағдайы анау. Бір-бірлерімен қырылысып жүрген біреулер. Кезінде, балам, -бір қызбен сөйлесіп жүрмін. Тек дүниесі жоқ, қарапайым жандар демесеңіз, қыздың өзі тәуір сияқты. Ата-анасымен сөйлесіп көресіз бе, дегенінде, -жағдайы төмен болса бола берсін. Керісінше, қиыншылықты көп көрген жандардың түсініктері мол болады. Әке-шешесімен сөйлескеніммен не пайда? Қыз өзіңе ұнаса болды. Өзің де, адам танитын жансың ғой деп, балама ақыл айтқан мен едім. Керісінше, түк көрмегендерден сақтану керек екен— деп, көзінен көл боп аққан жасын көйлегінің етегімен тағы да бір сүртіп қойды. Есіктің алдында ары- бері өз тірлігімен жүрген Әсел енесінің сөздерін анық есіте алмаса да, өзін жамандап жатқанын біліп.
-Айт, айт бәрі, саған солар көмектесіп жақсылық жасайды— деп естірте күбірлеп қояды. Әселдің қылығына қарап таңдайын қаққан Жұмагүл апа "Ғалымға да халықтан үйрену аз болар" Өзімшіл болмай білмегенін үйреніп, улкеннің алдында бас имей ме, қасиетсіз, — деп, іштей басьн шайқап отыр. Осы күннен кейін әрқайсысы әр жаққа қарап бір- біріне ашылып сейлемейтін болды. Бір күні Бибайша апаның ауылынан үш жүз шақырымдай жерде тұратьн қайын інісі Берік осы жағдайдьң бәрін есітіп бала-шағасы бола тұрса да,
-Жеңеше, Жеңісті келін екеуін менің қолыма беріңіз. Үй онша тар емес. Әзірге бізде үйде тұра тұрсын. Балаларым да жас. Олар өсемін дегенше Жеңіс те жұмыс істеп дүние жинап, там алып алар, — деп екеуін бір күннің ішінде көшіріп әкетті. Жеңіс анасы мен әйелінің бастары піспейтінін біліп бірден келісімін берді. Ал Әсел болса,бармаймын деп қипақтағандай болып еді, оған Жеңісыңғайын бермеді. Өйткен Әселдің ойы жеке өздері ғанабелек шығу болатын.
Мұны естіген ел-жұрт, "қойшы соларды. Өз үйінде, өзінің ата-анасына сыймаған адам қай жерге барып сияр дейсің "өзге жанды қорлаған өз басын оздыра алмас", — деп шу етті.
Міне арада бір жыл өтті. Бастапқыда жақсы келін атанғанӘсел, кейіннен бұл үйге де, сыймаған соң, Берік бұларды, екі айдан соң-ақ, елден, жеңгесінен ұялғанынан үйлерінежібермей савхоз директоры Омар Қалмырзаевпен сөйлесіп, ауылдағы ескі мектептің бір бөлмесіне отырғызып қойды.Енесінің алдында қайқайып жүретін Әсел, қайынағасының да үйінен кетіп, бұл жерге келіп жейтінге қара нан таппайқиналып саудамен айналысамын деп бар дүниесін сатып, одан пайда көре алмай бұрынғысынан да нашарлап кетті. Осы жақа келгеннен кейін Берік Жеңісті ауылға тракторист етіп жұмысқа орналастырған болатын.Жұмысқа уақтылы істемеген соң шығарып жіберген еді. Енді ол да бос. Осылай өмір кешіп жүрген Жеңіс пен Әсел кіші баласы Жанарыстан айырылып қалды. Жанарыс топ баламен ойнап жүріп, суға ағып кетіп, қиналған үстіне қинала түсті. Бір күні Әсел шекесіне жанына қатты қиындыққа шыдай алмай төзімі таусылып Жеңіске қарай, енесінің алдына баруын өтініп, солқылдай жылады. Өмірді кейіннен түсінген Жеңіс те қатты ашуланып,
-Кандай екен өмір,? Енеңнің қадірін енді түсіндің бе?. Сен үшін мен анама тіл тигізіп, атына кір келтірдім. Үйдің үлкені болып, әкемнің орнына әке болып, бауырларымды үй етер едім. Анаң жаман. Бауырларың жаман деп, бәріне айдап салдың. Одан қала берді, жеріктігіңді сылтау етіп, менің тауып келген азын-аулақ тиынымды, анам мен бауырымнан тықтыртып, бар тәтті тамақты алдырып жедің. Мұншалықты сұм баларма едің? Әттең, кеш таныдым сені! Ертерек танығанымда ғой, анамның мұншалықты денсаулығын алмас едім. Енді үйге қай бетіммен барамын? Сен де бармайсың! Өл осында! Бәрі сенің кесірің бәрі, — деп, дауысы қарлыға айғайлап, ызалана жылап, өзініңде қатты қиналғанын білдіре езілді. Жеңіс үйленгелі әйелінің бетіне келіп түрғаны осы. Бүл ойлар кіші ұлы қайтыс болган соң туған болатын. Содан бері айта алмай реті бүгін келіп айтып тұрған жері. Әбден, ішіндегісін ақтарып, босап алған соң, есін жиа басын көтеріп, алдында сағы сынып, сұрпаты бұзылып тұрған жауыздай көрінген әйеліне жиіркене ұарады да,- өзгергенің рас болып, барлық жауыздығыңды тастап, адам боламын десең,апама барып барлығын өзің айтып, кешірім сұрап, аяғына жығыласың! Не болса соны шешеңе жеткізіп, шешеңді арамызға араластыратын болсаң, сол күні өзің де құрисың үйден. Төркінге баруды ұмытасың! Жылына бір жиынға барсаң барасың, бармасаң ол да жоқ.Тек менің рұқсатыммен ғана жүресің, түсіндің бе деп, келісімін алған Берік ағаларының үйіне барып, қалған азын-аулақ тірліктерімен өздерінің үйлеріне қайта апарып тастауын өтінді. Берік, бұлардың өз ауыздарынан шыққан сөздеріне қуанып, келісімін беріп,
-Өзім де сендерге айтуға бата алмай жүр едім. Шешімдеріңе қуанып отырмын. Жеңгем де, қуанып, ағамның да әруағы риза болып қалатын болды деді де, Әселге қарап, -келін шырағым. Өмірді көрдің. Түсінген шығарсың? Өмір, біз ойлағандай оңай емес. Сен, күйеуіңе, ата-енеңе, жалпы қайын жұртқа қалай қарасаң, Алла да, саған солай қарайды. Сен, жолдасыңды өз бауырларынан қанша алыстатқың келсе, Алла сені бауырларыңнан соншалықты ажыратады. Бұл ақиқат. Өз төркініңнің қазіргі жағдайына қарап, салыстырып көр нанбасаң. Сен қаншалықты күйеуіңнің жанын ауыртып, енеңді жылатқан сайын, өз анаң, жаны қиналып түрлі дертпен ауырып, бауырларың да, тоз-тозы шығып жүр. Мен сені жылатайын деп, немесе бетіңе басайын деп айтып отырған жоқпын. Менде қыз өсіріп отырмын. Менің ақылымды, әкем айтып отыр деп қабылда. Жалпы менің айтпағым, ертең барып алып, бұл мінездеріңді тағы қайталап, жеңгемді жылатып жүрмеңдер дегенім-деп,екеуіне көптеген ақылдарын айтып, ағалық жолын білдірді.
Әсел мен Жеңіс Бексұлтанды алып Берікке ілесіп, жүктерін артып шыққан орталарына қарай бет алды. Барса Бибайшаапа, тесек тартып қатты сырқаттанып жатыр екен. Үйге жеткенше көңілдері қобалжып келген Әсел енесінің жатқанын көріп, бойы өз айыптарынан,қайғы қасіреттен, сағыныштан жарыларға шақ келіп, азғындап кеткен әлсіз денесінен енесінің алдына барып, кешірім сұрап сығыла жылай кетті.
-Апа, кешіріңіз, мені. Менің ісімнің бәрі балалықпен болған екен. Сіздің қадіріңізді сегіз жыл алдыңызда жүріп емес, сегіз ай далада жүріп түсініп келдім. СІз бізді , қанша ұрыссаңыз да, адам болсын дейді екенсіз, — деп үйінен келместей болып шығып кеткеніне енді екініп отырғанын білдіріп, Жеңіске берген уәдесі бойынша, енесінің аяғына жығылып, қайта-қайта кешірім сұрады. Жеңіс те, ара-арасында Әселге жағаласып қылығына қысылыңқырап кешірім сұрап жатыр.
Ал Бибайша апа, бұлардың бар көрген қиыншылықтарьн сырттай есітіп жүргенін айтып немересін еске алып, біраз кеңілі босап, өксіп жылап алды да,артынан бұлардың, ана қадірн түсініп қайтып алдына кешірім сұрап келгеніне не қуанарын білмей, не ашуланарын білмей, іштегі басымдау қуанышын сыртқа шығаруға жүрексіне қорқып, баласы мен келінін көз жанарымен аймалап, Бексұлтанды құшағына алып, көпке дейін құшақтап жатып,жүрегі тулап, өз-өзіне келе алмады. Біраз уақыттан соң, басын көтеріп,
-шырағым. Атаңның жоқтығын білдірдіңдер екеуің де. Атаң болғанда мұндай күн кешпес едік. Атаң, салт-дәстүрді берік ұстанған, өте қатал, жақсыға жанын беретін, жаманның жанын алатын адал жан еді, деді де, көзінің жасын бір сығып алып,- Өткендегі сөздеріңе бүгін жауап берейін. Сол күннен бері жанымды жегідей жеп жүр сөздерің. Мен баламды қызғанбаймын сенен. Саған ешқашан айдап салған емеспін баламды. Немерелерімді де айдақтатпаймын. Керісінше сендердің тыныш болғандарыңды қалап, басу айтып араларыңа түскенмін кешегі күнге дейін. Бұл саған ақталғаным емес. Жанымды тазалап алайын дегенім.Ана мен бауырлардан артық ешкім сендерге жандары ашымайды. Ал, сенің өз анаңның істеріне екі дүниеде де, түсінбей өтетін шығармын. Мен баламды жақсы көрсем, сені одан артық жақсы көргенмін басында. Себебі сені атаңның ұрпағын жалғастырушысы деп қабылдап едім. Сен, өз тірліктеріңмен көңілімді суыттың. Ойланып келген екенсіңдер, енді қайтып өткен күндеріне аяқ баспайды деп ойлаймын. Сендермен алысатын менің де шамам жоқ. Мыныны естеріңнен шығармаңдар. Не ексең соны орасың деген. Маған, күйеуіңе, жалпы өзгелерге не істесең, Алла өз басыңа ұайталап алып келетінін ұмытпаңдар.деп, келіні мен баласына жылы қабағын ұсынып, құшағына алды. Денсаулығы да, айығып қалғандай, бойындағы әлсіздік жойылып, сап-сау жандай жеңіл тартты. Жұпар мен Сапар да анасының жылы жүзінен, көңілдері көтерілгендері білініп, көздерін аналарынан алмай, - анамыздың сырқатының емі осылар екен ғой-дегендей жымия, езу тартып тұрды.
Мұны естіген ел-жұрт, тағы да, у-шуга басты. -Айтып едікқой. Әне, өз үйінде сыймаған бала, еш жерге сыймайды. *Тереңінен ойлай алмайтыңдар таязда да тұншығады*-деген! Көрдіңдер ме,балаларым? Жаман қылық, жаман ойдан аулақ болыңдар! Жаман әйел алып артынан еріп кетпеңдер, әр басқан қадамдарыңды анықтап ойланып басыңдар -деп, біреулер балашағаларына ақыл айтып, осы бір жайды мысал етіп жүрді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter