02.12.2023
  45


Автор: Сұрақ-жауап

Ассаламу алейкум! Қазақтың жеті атаға дейін үйленуге болмайды деген салт-дәстүрінің дінімізде негізі бар ма?


 


Жауап


Уа алейкум ассалам!


Жеті атаға дейін қыз алыспау салты – ұрпақтың дені сау және ақыл-есі дұрыс болуының кепілі. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне тегінің жақындығы баланың физиологиялық және психологиялық тұрғыдан науқас боп туылуы қаупін күшейтеді. Хадисте: «Жақын ағайын туыстан қыз алмаңдар, өйткені бала әлсіз боп туады»,[1] – деп айтылған.


Қорыта айтқанда, жеті атаға дейін құда болмау салты – салауатты ұрпақты дүние алып келудің бірден-бір кепілі.


 




[1] У.Зуһайли, Ислам фиқһ энциклопедиясы, 8-том, 28-бет




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу