Сіздерден сұрарым: Некесі қиылған ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулеріне болады ма?
Жауап
Уағалейкумассалам!
Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес. Өйткені, Пайғамбарымыздың жұбайы Мәймүнә (р.а.) Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге жуынғандығын айтқан[1].
Тек мынаны ұмытпау керек: монша көбіне жын-шайтандардың мекен ететін орны болғандықтан, моншаға кірер кезде «Бисмилләһ» деп айтқан жақсы. «Бисмилләны» айту арқылы моншадағы адам мен жын-шайтан арасында бейне бір перде пайда болады. Осылайша, ұятты жерлерін олардың (жындардың) сұғынан қорғаған болады.
Әзіреті Әлиден келтірілген бір риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Адам баласы оңашаланған уағында («الخلاء» - яғни, әжетханаға яки моншаға кірер кезде) «Бисмилләһ» деп айтса, әурет жерін жындардың сұғынан қорғаған болады»[2].
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter