27.11.2023
  36


Автор: Сұрақ-жауап

Ассалам алейкум. Қолы нанға жетпесе, Құранды басып шығуға болады деген сөзді көп естідік. Бұл сөз дұрыс сөз бе?


 


Жауап


Уа алейкум ассалам. Расында да бұл сөз халық арасында көп айтылады. Тыңдаушы адам сөйлеуші адамның сөзінен Құранға деген құрметсіздік есіп тұр деп ойлауы мүмкін. Алайда, бұл сөздің түп төркініне бажайлай бермейміз.


Кейбір Шафиғи мәзһабының ғалымдарына: «Егер біреу азыққа зәру болып, астына Құранды қоймаса, оған қолы жетпейтіндей жағдайға тап болса, онда ол не істейді», – деп сұрақ қойылған екен. Сонда олар: «жалпы жайыз»,[1]– деп жауап берген екен.


Имам Ибн Абидин бұл мәселені толықтырып: «Бұның себебі – жанды сақтау, мейлі ол адамның жанынан өзге жан болса да, ол қашан да алғашқы қатарда тұрады. Сол үшін де, егер кеме ауырлықтан суға батқалы жатса, ішіндегі адамдарды сақтау үшін салмақты кітаптарды (Құран болса да) суға тастау керек болады. Бұл тұста Құранды суға тастау – амалсыздық, Құранға құрметсіздік таныту емес. Сол сияқты адам жанын сақтау үшін пұтка да сәжде қылуы мүмкін ғой»,[2] – деді.


Байқап тұрғаныңыздай, бұл мысалды фиқх ғалымдарының өздері де қолданған. Алайда, олардың бұл қолданыстары рухты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру үшін ғана еді. Әйтпесе, әрбір қол ұшы жетпеген нәрсе үшін астына Құран қойсын деген мағынада емес. Оған қоса практикада бұл сынды жағдай мүлдем орын алмайтын да шығар...


Ең дұрысы Аллаға мәлім


Айбек Әбдіқадыр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу