Жануарды себепсіз өлтіруге бола ма?
Ассаламу алейкум. Кей адамдар аңға шыққанды жақсы көреді. Олар жануарларды өлтіруге қызығады. Себебін сұрасаң, «хобби», спорт» деген сияқты уәждер айтады. Алайда аңшылық барысында өлтірген жануарларды өлтірген жерлерінде тастап кете береді. Яғни, еш пайдасыз өлтіріп жүр. Бұған шариғат не дейді. Қуаныш
Жауап
Уа алейкум ассалам. Жануардың қайсы бір түрі болмасын, оны себепсізден себепсіз өлтіруге болмайды. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
ما من إنسان قتل عصفوراً فما فوقها بغير حقها إلا سأله الله عز وجل عنها. قيل: يا رسول الله، وما حقها؟ قال: يذبحها فيأكلها، ولا يقطع رأسها يرمي بها
«Қайсыбір адам торғай немесе одан да кіші нәрсені себепсіз өлтірер болса, Алла Тағала оны сол үшін сұраққа алатын болады», – деген. Сонда сахабалар: «Уа, Алла елшісі! (Оны өлтіруге рұқсат ететін) қандай себеп?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Союы, сосын оны жеуі. Басын кесіп, сосын тастай салмауы», – деп жауап берді[1].
Бұл хадистегі ескерту барлық жануарларға бірдей қатысты. Ендеше, ешбір жануарды ермек үшін себепсіз өлтіруге болмайды. Ал, егер аңшылық мақсаты – ұсталған жануардың етін жеу немесе зиянынан сақтану болса, онда оның жағдайы басқа.
Сәттілік иесі Алла ғана.
Айбек Әбдіқадыр
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter