Өлеңдер ✍️

  24.11.2023
  181


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Ақ құба қыз

Ақ құба қыз елжіреген еріні,


Нұрын шашқан қандай ғажап есілі.


Айналаны жандандырып барады,


Сендей жандар бұл әлемде санаулы,


Аппақ болған жанарыңның жалыны.


Сөзсіз менде іштей жанып барады,


Бара-бара көздеріңде тұңғиық,


Мына мені тереңіне тартады.


Жақындамай уақыт өтті арада,


Көздерінің қарасына қарада,


Бұл өмірден жоғалғанда ес-мұңым.


Даусын қайта келе берет естігім,


Көз жанарым жоғалғанда шамалы,


Мен тағыда сені іздейм баяғы.


Жүзің сондай ертегіден жаралды,


Қалың шашың жүрегімді алады,


Қарасамда көзім тоймай барады.


Мына қара дүние мен жалғанда,


Өмір сондай түнектерге батқанда.


Ақ құба қыз жарық беріп тұрады.


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу