Өлеңдер ✍️

  24.11.2023
  177


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Көк көл

Көк аспанның көлінде көп ойнаған,


Ойнақтаған бала едім мен тоймаған.


Кеш батса сырласамын көк көліммен,


Таң атқанда қайтадан оралмағам.


 


Сыр ақтарып күніге сайран құрған,


Бар қайғымды өзіне тартып алған.


Көк көлімде әлі де көп іздеймін.


Жас күнімнен кетпеген ешбір ойдан.


 


Талай-талай таңдарды бірге аттырған,


Талай сырмен жырларды тыңдаттырған,


Ғашық болған көк көлім жоғалмасын.


Мен аңсаған толқынның ойнақтаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу