Өлеңдер ✍️

  20.11.2023
  232


Автор: Айгүл Бейсенқанқызы

Ымырт ырғағы

Әлеміне қызыл нұрды тұндырып,


Кешкі шапақ,


Жалын жұтқан мұңлы бұлт.


Ұшты тағы тіршіліктің бір күні,


Кәлендардің бір шырпсын сындырып.


 


Уақыт жібі сетінеген күйменен,


Қысқарады ғұмыр атты күймеден.


Қалжыраған тау етегін айналып,


Салқын самал боздалада билеген.


 


Көлегейлеп бетін жапқан күлкімен,


Өкінулер, қайғырулар мың, түмен.


Ех, дәриға, аспан асты қимастық,


Адамдардың сезімінде кілкіген.


 


Күреңіткен қунақылау күз рең,


Құйылады жапырақтың жүзінен.


Кешігулер, күрсіністер аңқыйды,


Уақыттың сорапталған ізінен.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу