Әңгімелер ✍️
Менің ҚазҰУ-дағы студенттік өмірім
Менің ҚазҰУ-дағы студенттік өмірім
Жоспар:
1.Менің мектептегі өмірім
2.ҰБТ тапсыру кезеңі
3.Универ таңдау
4.Грант тізімі
5.Жатақханаға келген сәт
6.Студенттік өмірдің бір бөлігі
1.Менің атым Шәкен Ақжолтай Жайнатбекұлы. Мен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылында дүниеге келгенмін.Кішкентай кезімнен музыка, әдебиет және математикаға қызығатынмын. Мектепте жақсы оқушылардың қатарынан көріне білдім.Бастауыш сынып кезінен керемет ұстаздардың қолында оқығандықтан ба, мектепті үздік деген бағамен бітіре алдым.8 сыныптан бастап сынып старостасы болдым. Ал 9 сыныпта мамандығымды нақты шешіп, коллледжге кетсем ба деген ой да болған. Бірақ ата-анам бұл шешіміме үзілді-кесілді қарсы болды.Бірақ бұл шешім бірден-бір дұрыс шешім болған деп ойлаймын. 9 сыныпта программист болу ең алғаш ойға келген мамандық болды. 10 сыныпта ойым екі жақты болып, бәлкім психология маманы болсам ба деген ойлар да келген еді. Бірақ математика мен информатикаға икемім де, қызығушылығым да болғасын 11 сыныптағы нақты шешімім программист болу болды. Ең алғашында универ таңдау жайлы ойлар 11 сыныптың 1 тоқсанында ойға келген еді сол кезде ойланбастан ҚазҰУ-ды таңдаймын деген шешім шығарған болатынмын. Қыста тағы ойланамын деп шешім қабылдап универ таңдауды ҰБТ-дан жинаған баллыма қарай көрермін деп шештім.
2. ҰБТ-ға дайындықты 11 сыныпта желтоқсан айында JUZ-40 курсымен бірге бастаған болатынмын.Программист мамандығын таңдау үшін осыған дейін физика-математика пәндерін таңдап келген болса, 2022 жылдың оқу жылынан бастап өзгерістер еніп информатика-математика бейімдік пәндері болып қалыптасты. 11 сыныптың қараша айында сынақтық тест ретінде өз деңгейімді тексеріп көру үшін U study-де тест тапсырып көрдік. Нәтижеме көңілім толмай қайтсемде грантқа түсем деген оймен дайындықты бастадым. Онлайн курстарды қарастырып жүріп, сыныптастарымның кеңесі бойынша JUZ-40 курсын таңдадым. Солай үздіксіз дайындалу нәтижесінде грант ҰБТ-сынан 95 балл жинадым. Егер кейбір қателіктерді жібермегенімде, бәлкім одан да жоғары жинай алар ма едім.Ең басты қателіктерімнің бірі деп грант ҰБТ-сының алдында Ұбт-ға дайындықты қойып, түлектердің бітіру кешіне, іс-шараларға қатты көңіл бөлуімді айта алар едім.
3. 95 баллмен қай универді таңдаған дұрыс деген сұрақ жатсам да тұрсам да маза бермейтін. Шілде айында грантқа тапсыру үшін құжат жинау басталған еді солай ары бері жүгіріп жүріп керекті құжаттың бәрін жинап дайындап қойған едім. Универ таңдауға анаммен бірге ҚазҰУ-ға келген кез еді. Қай универді таңдайтынымды толық шешпеген де едім. Кезекке тұрып алғасын тағы ойландым. Ақыры біздің кезек келді. Құжаттарды толық өткізіп болғасын ең бірінші қай универді жазғыларыңыз келеді деген сұрақты қойғанда ойыма келгені күздегі ҚазҰУ-ды таңдаймын деген сөзім болды. Осылай ең бірінші ҚазҰУ-ды, одан кейін Сәтбаев университетін жазып кеттім біреуі болмаса, біреуіне түсермін деген үмітпен. Бірақ ҚазҰУ-ға түссем деген үмітпен болдым.
4.5 тамыз күні еді. Мен жұмыстарыммен жүрген болатынмын. Грант тізімі сағат 12:00-де шығады деп хабарлаған болатын бәрі асыға күтіп отырған болатын. Менде дәл сол уақытта шаруаларым шығып тізім шыққанда қарай алмадым 5-10 минут ішінде 2-3 адам маған хабарласып үлгеріпті. Құттықтап жатыр екен. Телефонымды ашып тізімді қарасам ҚазҰУ-ға түсіпсің деп достарым жазып жіберіпті. Қуанышымда шек болмады.Менімен бірге бір курста оқыған дос балам да ҚазҰУ-ға түскен екен.Өзіммен бірге информатика-математика таңдаған 3 досым болған олар да грантқа түскенін естіп бәріміз бір-бірімізді құттықтап мәзбіз. Туыс-туғандарға хабарласып сүйінші сұрап та үлгердім. Өзімнен 2-3 жас үлкен таныстарым да болатын. Олар да ҚазҰУ-да оқитынын айтып мені құттықтап жатты. Сол күні қуанышымда шек болмады. Еңбегім бекер кетпепті, ата-анамның үмітін ақтай алдым деген қуаныш сезімі толқып тұрды. Универдегі оқудың басталғанын сол сәттен бастап асыға күттім. Арада бір-екі апта өткесін грант сертификатын өз универлеріңізге апарып өткізіңіздер деген хабарлама келген еді. Содан кейін дос баламмен бірге сертификат өткізуге келдік.Екеуіміздің де қуанышымызда шек жоқ. Жатақханаға өтініш қалдырғыңыз келмей ма деп сол жердегі аға айтқанда біраз ойланып қалдым. Біршама уақыт ойланып кезекті созбайын деген оймен тездетіп өтінішті толтырып берейін 1 курстағы студенттік өмірім жатақханада өтсе несі жаман деген ой келді. Бір жағынан жаңа орта, енді бір жағынан қызықты сәттерге толы болар деген үміт.
5.Жатақханаға ордер тізімі шығып маған келе берсеңіз болады деді. Заттарымды түгендеп жолға шықтым. Құжаттардың бәрін ретке келтіріп , келісімшарттарға қол қойып өзімнің бөлмемнің номері жазылған қабатқа көтерілдім. Бөлменің есігін ашқанда үш баланы көрдім. Бұдан былай олармен алдағы 1 жылым өтеді, жақсы араласу керек деген оймен бәрімен танысып шықтым. Қалғанын артынан реттеп алармын деп сауда орталығына бет алдым. ӨЗіме керекті алынбаған заттарды алып, жатақханаға қайттан бардым. Кеш батып қалған кез. Сыртта бір топ студенттер жиналып өлең айтып, гитара тартып отыр екен. Сол топтың жанынан өтіп бара жатқаным сол еді, біреу атымды атап шақырды. Қарасам курста бірге оқыған қыз. Қаптаған бейтаныс адамның ішінен өзіме таныс адамды көріп қуанып қалдым. Бізге қосылсай деп өздеріне қосып алды. Солай сол жердегі адамдармен де, одан кейін уақыт өте келе жатақханадағы адамдармен танысып жақын араласып кеттім.
6.1 қыркүйек күні жалпы 1 курс студенттеріне жиналыс болады деді. Ол жиналыстан шыққасын группамен бөлек куратормен танысамыз деді. Ешкім бір-бірін танымайды тек интернетте ғана бір-бірін білетін адамдар ақыры бір аудиторияға жиналдық солай ол жерде бәріміз бір-бірімізбен танысып уақыт өте келе жақын араласып, бірге жүретін болдық. Біраз уақыттан кейін активистикалық ұйымдар жайлы естідік. Әркім өзіне ұнағанын таңдап кетіп жатты. Мен де біреуін таңдайын деген оймен ұзақ ойландым, жақынырақ біліп алсам өзіме де жақсы болар деп ойладым. Ақыры соңында “Komek” қоғамдық қоры деген атпен танылған активистикалық ұйымға кірдім. Олармен де жақын араласып кете алдым. Алдағы жылдар да көптеген қызықты сәттерді бірге өткіземіз деген ойдамын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
"Ақпараттық технологиялар" факультеті "Ақпараттық жүйелер" мамандығының студенті:Шәкен Ақжолтай
Филология факультетінің аға оқытушысы С.А.Уразгалиеваның жетекшілігімен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter