Өлеңдер ✍️

  19.11.2023
  213


Автор: Айгүл Бейсенқанқызы

Қарт қала

 


Іңір сырғып, түні төніп,


Жұлдыздың бірі оянып, бір сөніп.


Сырымды жасырынған жанардағы,


Бастайды арман қырға үміт-елік.


 


Даладай ұланқайыр кеудем менің,


Сан толқып,


Сан қысылған шөлден демім.


Тағы сол ескірмейтін елеңімнің,


Сеземін ескі жұртта сенделгенін.


 


О, қайдам,


Қол жеткізбей сынай ма бақ?


Сезімім сенімімді құлайды орап.


Сергелдең сағынштың маңдайынан,


Барады айлар сипап, жыл аймалап.


 


Шақтардың көктемін гүл,


Күзін манат.


Дәп басып дәрменсізбін сызуға нақ.


Мұнарлы тұман сіңген жол сілемін,


Қиялым қыдырады үзіп, жамап.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу