14.11.2023
  102


Автор: Қылмыстық іздестіру күні

Тәртіп сақшылары қызметі

Тәртіп сақшыларының ел үшін деп жасап жатқан қызметтері еліміз үшін өте маңызды. Олардың заң алдында берген антына берік болуы, заңнан аттамай, өз істерін адал атқарулары елімізге көп пайласын тигізері сөзсіз. Ал ақша үшін деп, қалтасының қамын ойлайтын тәртіп сақшылары елімізге пайдасы тимей, қайта кері әсерін тигізеді. Сондай заң бұзушылықтың кесірінен қарапайым халық зардап шегіп, еліміздің жай-күйі төмендейді. Ел болу үшін ел деген ат беріп отырған қарапайым халық емес пе?! Халық жоқ болса ел де болмайды, халықтың жағдайы төмендесе еліміздің же жай күйі болмасы анық. Сондықтан, еліміздің жағдайы жақсы болсын десек, қарапайым халықтың жағдайын ойлағанымыз жөн болар! Қалтасында ақшасы бар шенеуніктердің заңды бұзушылығының кесірінен халық зардап шекпеуі тиіс.
Жалпы тәртіп сақшыларының жұмысы қандай? Ел ішіндегі тәртіпті қадағалау емес пе?! Өз жұмыстарын адал атқарып жатқандар да бар, өз қарақан басын ойлап заңды белшеден басып жүргендер де бар! Таяқтың екі ұшы бар сияқты, адалдықтан аттап, ақшаның жолына түскен тәртіп сақшылары көпке бармасы анық. Неге десеңіздер, бір рет заңды бұзып, жазалаудан құтылған адам екінші немесе үшінші ретінде заң алдына келетіні анық. Бірақ ол кезде іс тереңдеп, ушығып кететіні сөзсіз. Оның жазасы да ауыр болады. Сол бұзақылық тереңінен қаралса, осындай істің жабылуына жол берген тәртіп сақшылары да жазасыз қалмасы анық. Елге де тигізер зияны көп болып, адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, өз қарақан басын ғана ойламай, ел үшін, халық үшін деп қызмет етіп жүрген тәртіп сақшылары адалдық жолдан адаспаңыздар! Адамдық қасиеттеріңізді жоғалтып алмаңыздар!
Ал өз адал жолынан танбайтын, адалдық жолды таңдайтын, бойында бар тек қана адалдық сол жолдан ауытқымайтын тәртіп сақшыларына бас иеміз! Елім үшін деп, халқым үшін деп жасап жатқан әрбір істеріңіз оңынан, сәтімен орындала берсін деймін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу