14.11.2023
  70


Автор: Қылмыстық іздестіру күні

Ел қорғаны тәртіп сақшылары

Тәртіп сақшылары ел қорғаны. Олар өз істерін адал атқарып, тәртіп бұзғандарды шын мәнінде жауапқа тартып, елдің игілігі үшін қызмет ете білсе елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың саны азаярма еді, кім білсін! Бес саусақ бірдей емес дегендей, тәртіп сақшылардың ішінде де өз қарақан басын ойлайтын, өз құлқынын ойлап, өз басы үшін ғана іс жамайтындар да баршылық. Сондай жандардың кесірінен елімізде көптеген жан түршігерлік жайттар орын алуда. Көпке топырақ шашудан аулақпын, дей тұрғанмен осындай жайлар орын алып жатқаны жанымызды ауыртады. Бір қылмысын кешіргізіп, оған жаза бергізбей қалтасындағы ақшасын араға салып өз жақындарын жазадан арашалап жатқан қалталылар қаншама, бір жазадан құтылған балалары әкесінің ақшасына сеніп тағы да екінші заң бұзушылығына жол береді. Неге, өйткені оның әкесі бар ақша беріп жазадан арашалап қалатын. Бұның жазасын қарапайым халық тартады. Телеарнадан да көретініміз осындай жайлар емес пе, бір шенеуніктің баласы ішімдік ішіп көлік жүргізіп жолда тұрған қаншама адамға зардабын тигізіп, еш жазаланбай, жүргізу куәлігіген де айрылмай заңды белден басып құтылып кеткенін, сол бала араға сәл уақыт салып тағы да осы қылығын қайталайды, бұл жолы адамның өміріне қауіп төндіріп, тіпті бір адам көз жұмады. Сондай айтыңызшы, кім кінәлі? Бірінші заң бұзушылығына көз жұма қараған, өз қарақан басын ойлаған тәртіп сақшылары кінәлі ма, әлде баласын ғана ойлаған шенеунік әкесі кінәлі ма?! Ойланайық!
Жоғарыда айтып өткенімдей, бес саусақ бірдей емес. Адалдық жолынан аттамайтын, ата заң алдында берген антына берік жандар бар! Міне, бұл тәртіп сақшылары еліміз үшін күн демей, түн демей қызмет ететін, өз қалтасының қамын емес, елдің қамын ойлайтын нағыз тәртіп сақшылары! Осындай елім дейтін, жерім дейтін тәртіп сақшылары, ел қорғандары аман болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу