Эсселер ✍️
Қазақстан мекенім, тәуелсіздігім бақытым!
Тәуелсіздік елі бар, кең байтақ қазақ жері бар, азаттығы тағы бар, қазақтығы тағы бар менің елім, Қазақстаным! Ия, бұл менің елім бір біріне бауырмал халқы бар, қонақжайлығы жоғары салты менен салты бар. Жүзінде шаттық күлкі бар, көзінде таймас нұры бар бұл менің Қазақстанымда тұратын, сауық сайран құратын, бірін бірі ұғатын қандастарым, достарым, ағайындар, бауырларым! Қазақта сөз бар, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» — деген, «жұмылып жұдырықтай» болып іс жасайық деген. Тәуелсіздікдік ақ таңы, жанымыздың мақпалы, ынтымағы жарасқан, елдің балдай шақтары. Азаттығымыз азат күніміз. Алладан бізге сый болған ғажап күніміз! Бұл күнді құрметтеу әрбірімізге парыз. Еліміздің тұғыры биік, жеріміз тыныш болсын десек бірлесе іс жасап, ынтымақ пен бірлікте өмір сурсек біздің болашағымыз жарқын, әр күніміз алтын болмақ!
Өсіп келе жатқан жас буындарды елімізді сүйіп өсуіне, жерімізді қадірлеп өсуіне жол салсақ, тәуелсіздіктің маңызы мен ел үшін берер азығын көрсете тәлім берсек, елді сүюге, отанымызды жақсы көруге үйрете білсек, кейін өскен кезде еліміз үшін тірек болып, ел қорғанына айналары сөзсіз.
Ендеше, елін сүйер, жерін сүйер болашақ ұрпағымыз көп болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік боп, желтоқсан үні әр жүректе жаңғырып тұрсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter