12.11.2023
  240


Автор: Тәуелсіздік күні

Қазақстан —Отаным!

Қазақстан —Отаным, Қазақстан — жүрегім, Қазақстан — бақытым, Қазақстан — байлығым! Әр адамның бойында отанына деген, еліне, жеріне деген осындай сүйіспеншілікке толы сөздері болуы тиіс.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін қаншама қиындықтарды басынан өткерді. Қаншама отбасы қара жамылып, қаншама отбасы ер азаматтарынан айрылды. Осындай қиын қыстау күндерді басынан өткерген Қазақ елі бүгінде еңсесін көтеріп, қанатын кеңге жаюда. Қалаларымыз жанданып, далаларымыз гүлденуде. Күн өткен сайын халқымыздың саны көбейіп, әрбір үйде бала туылып, алтын бесігі тербелуде. Мұның бәрі шекарасын айқындап алған, әнұраны мен елтаңбасын бекіткен, көк байрағын көгінде жешбіреткен азат еліміздің, тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін.
Осы тәуелсіздіктің арқасында еліміз Қазақстан жайнап, Отанымыз жанданып жарқырауда. Ия бұл Қазақстан — Отанымыз! Тәуелсіздігі бар, шет елдер алдында беделі мен абыройы бар Қазақстан еліміз! Біздер үшін 16 желтоқсан ерекше, маңызы зор мереке болып саналады. Тәуелсіздікті сақтайық! Ауызбіршілікте болып, сыйластықта, бірлікте еліміздің игілігі үшін қызмет етейік! Жаса, Қазақстан, жаса, Тәуелсіздігім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу