Шығармалар ✍️
Азаттығым айбарлы
Азаттығым деген сөзді кішкене талқылар болсақ, азаттық еліміздің азаттығы, тәуелсіздігіміздің биік тұғыры. Елтаңбамыздың қазақ елін бейнелейтін екі пырақты аттарымен көрініс тапқаны, әнұранымыз әрбір елде шырқалып, көк байрағымыздың көк аспанда желбіреуі бәрі де азат елдің ғажабын көрсетеді.. Әсіресе қазақтықтың бейнесін айқын көрсететін рәміздеріміз біздің мақтанышымыз. Рәміздеріміз барында, ынтымақ пен бірлігіміз барында біздің еліміздің тұғыры биік болатынына бек сенімдімін!
Он алтыншы желтоқсан — тәуелсіздік күні. Тәуелсіз ел, өзі би, өзі қожа ерекше мәртебеге ие. Осындай табиғаты сұлу, көз тартатын, рәміздері көздің жауын алатын Қазақстан жерінде қазақ болып туғанымды мақтан етемін. Біздің ата-бабаларымыз батыр жүректі болған. Арыға бармай-ақ 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын еске алар болсақ сондағы еліміздің азаттығы үшін алаңға үдере шыққан аға-әпкелеріміздің батылдықтары елім дейтін, жерім дейтін патриоттық сезім сыйлайды. Бүгінде олардың көрген азаптары ақталып еліміздің айы оңынан туып, тәуелсіздік алып, сол тәуелсіз елдің, азат жерінде бақытты ғұмыр кешудеміз.
Тәуелсіздіктің ақ таңын бізге сыйлаған, тәуелсіздік алуымызға себепші болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан сол замандағы барлық студенттер қауымына алғыс айтып, бас иеміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, азаттығымыз ғұмырлы болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter