Шығармалар ✍️
Тәуелсіздік тұғыры
Тәуелсіздік - деген сөзді естіген кезде ең бірінші көз алдымызға тәуелсіз ел, азаттығы бар кең байтақ жер, жарқыраған әлем, ашық аспан, сол ашық аспан астында бейбіт елде өмір сүріп жатқан халықты, бір бірімен бірлігі жарасқан сыйластығы зор елді көре аламыз. Бұл тәуелсіздік сөзінің өзі тұғыры биік елдің тыныш бейбіт, егемендігі бар көрінісін бейнелейді.
Тәуелсіздігіміз бізге оңайшылық келмегенін бәрімізде білеміз. Азаттықты аңсамаған ата-бабаларымыз қалмаған шығар. Бәрі де өз тіліміздің мәртебесі биік болғанын, өз ата-заңымыз болғанын, өз шекарамыз болып, өз елімізде өзіміз би, өзіміз қожа болғанды аңсады емес пе? Міне, дәл осындай армандары біздің дәуренімізде орындалып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болуда!
Тәуелсіздіктің ақ таңы қаншама ата-бабаларымыздың қанымен, желтоқсандағы болған оқиғаның басты кейіпкері елім дейтін жастардың жанымен келген азаттық. Қиын қыстау күндерді басынан өткеріп келген әуелсіздікті сақтау біздің парызымыз. Тәуелсіздігі бар, азат елде тыныш, бейбіт күнде өмір сүріп жатқан біз бақытты жандармыз! Осындай бақытты күндерімізді есеплеп, Тәуелсіздігімізді тұғырлы қып, Жаратқаным қазақ еліне жар болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter