Өлеңдер ✍️

  11.11.2023
  296


Автор: Ташкенбай Бекарыс

Жүрекпен жақсы көрем

Жүрекпен жақсы көремін, ақылмен емес 


Көңілден кеткеніңменен, келбетің елес


Өзіңмен өткізген уақыт, мен үшін бақыт


Таңдадым сақтауды жаным, ұмытуды емес 


 


Бұлда бір сынағы болар берілген бізге. 


Маңдайға жазылған шығар қоштасу күзде. 


Өткенді ойлаумен жаным өткізбе уақыт, 


Жүрегің бақытқа толар, үмітіңді үзбе. 


 


Бәлкім мен кінәлі болдым сүйгенім үшін. 


Сезімді сақтауға жаным жетпеді күшім. 


Қиялға берілем сені сағынған кезде, 


Өзіңсіз өткен күндерім болса екен түсім


 


Жүрегім тартып тұрады өзіңе қарай


Сезімді сезгеннен кейін сендегі талай


Тартысқа түседі жүрек, ақылға қарсы 


Сезімге берілсе жүрек, сынуым оңай


 


Өткенді қозғадым тағы ренжіме жаным 


Білемін қалдырдың артқа сезімнің бәрін


Сезімім жүрекке симай сағынған кезде


Өзіңді ойлаумен жаным атады таңым


 


07.10.2023 ✒️? bbb_beka00




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу