Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.11.2023
157
ПОЭЗИЯМЕН СЫРЛАСУ
Қайран ақын керегің жоқ ешкімге,
Алданумен өтесің елес күнге.
Жан жүрегім жаралы бүгін менің,
Жасын өлең жалғызым сен ескірме.
Алдайды өмір үмітті алдайды күн,
Қарасөзде әттең-ай болмайды құн.
Әр парақ жыр айналса әр жамбыға,
Төгіліп тұрса дейсің мол байлығың.
Қиянат қой ол бірақ саған өлең,
Асқақ жырым беретін бағамды ерен.
Ақшаға да айналма алтынға да,
Былғамайық өлеңді арамменен.
Жанам әлі көресің жалындаймын,
Тірлігіңе түйсіксіз бағынбаймын.
Ғайып болып кетермін перілердей,
Іздегенге ол кезде табылмаймын.....
Qабиден
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter