Өлеңдер ✍️

  10.11.2023
  145


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚАБАНБАЙЫ - НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫНА АРНАУ.


Семіргем жоқ қызыл сөздің буына,

Көңілім де толған емес жырыма.

Ұстазымдай жаза алмадым отты өлең,

Қиын неткен шәкірт болу ұлыға.




Тұғырына қонған талай түлегің,

Мына мен де інілердің бір едім.

Ұрса ма деп қорқып сізден тұрсам да,

Ағам бар деп арқаланып жүремін.




Қолда барда бағалайық жақұтты,

Тұра алмаймыз ұстап жүйрік уақытты.

Сырласатын өзіңізбен оңаша,

Күндеріме ризамын бақытты.




Қара өлеңнің ҚАБАНБАЙЫ - Несағам,

Жұбатар кім көңілімді босаған?..

Жүрегіммен жылап тұрмын дәл бүгін,

Деніңіз сау, болсыншы, аға, бас аман!!




Qабиден




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу