Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.11.2023
137
ОЯУ ЖАТЫП КӨЗ ІЛЕМ
Жапырақтың демін тыңдап көзіммен,
Ояу жатып көз ілгем.
Ай созғанда ақ білегін,
Ұйықтап жатып сезінгем.
Түн құшақтап алып кетті алысқа,
Қандай бақыт табысқан.
Теріп жатып оянамын таңдарда,
Сезімдерді Жүрегіме жабысқан.
Тас төсекте жатам жұмсақ мамықтай,
Күн даусынан оянамын шықпаған.
Сулар сыңсып, тал теректер билейді,
Жатып алып сұқтанам.
Суреттеуге сөзім жетпей жатады,
Түнмен бірге таң таласып атады.
Жылатып ай жоқ болады неліктен,
Осынысы батады.
Таң шыңғырып, Түн ақырып жатқанда,
Жұлдыздардың шулағаны түк емес.
Күн шыққанда ғайып болып кетеді,
Көз алдымнан бұл елес.
Тып-тыныш па?
Саған солай сезілген.
Көріп тұрмын көк түтінді көзіңнен.
Ұйықтап жатып көрем мұның бәрін де,
Ояу жатып көз ілгем.
Qабиден
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter