Өлеңдер ✍️

  10.11.2023
  473


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

Қорқамын адамдар сендерден


Түнімен отырдым балконда,

Жындармен сырласып, мұңдасып.

Қорқамын адамдар оянса,

Жер бетін малғұндар жүр басып.




Қорқамын қоғамнан бұзылған,

Күлкіден өтірік сызылған.

Түнімен түнеріп шықтым мен,

Көз алдым қызыл қан!




Ұмытқан Ар менен ұятты -

Нәпсінің құлдары,

Сендерден жақындау құдайға,

Сырласқан бүгінгі жындарым.


Қабиден Қуанышбайұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу