06.11.2023
  272


Автор: Студенттер күні

Студенттік өмір-ай

Студенттік өмір барлық адамның басына жазыла бермейтін сәт. Мектептен түлеп ұшқан сәттен бастап Түлектердің өмірлері әр қилы жолға түседі. Бірі жоғары оқуға грантқа түссе, екіншісі сол жоғары оқудың ақылы түріне түседі. Қазіргі уақытта қарап отырсақ ақылы оқу үшін талапкерлердің көбісінің қалтасы көтере бермейді. Соның нәтижесінде жоғары оқуды оқымай қара жұмыс, жалдамалы жұмыстардың маманы болып шыға келеді. Енді біреулері денсаулығына байланысты жоғары оқуды оқи алмай аурухананы жағалап жүрсе, тағы да басқа Түлектер өз еріктерімен оқудан бас тартып жатады, яғни оқуға деген ынтасының жоқтығынан. Міне осындай түрлі себептермен студент атана алмаған жандар да баршылық.
Ал мектеп қабырғасын бітіре салысымен жоғары оқу орнына түсіп, студент атанған жандарды расында да бақытты жандар дер едім. Олар студенттік өмірді бастан кешірім, оның қызығы мен шыжығын татқан жандар. Студенттік өмірдің әрбір күні бір есте қалатындай ерекше болады. Студенттік билет алған сәт, студент атанған сәт бәрі де жаныңды жадыратып ерекше күй сыйлайтын дүние. Бір группада оқып, студенттік өмірдің қыр-сырын бірге көрген группаластардың бары қандай жақсы десеңші. Сонымен қатар арнайы белгіленіп қойған 17 қараша студенттер күні бар. Бұл күн мерекеге толы, қызықты өтері анық. Сондықтан студенттік өмірді көріп, сезіне білу әрбір адамға, әрбір түлекке бұйырсын деп тілеймін!
Құрметті студенттер қауымы! Сіздерді 17 қараша студенттер күнімен құттықтаймын! Ел мақтайтын мықты маман иесі бола беріңіздер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу