Эсселер ✍️

  06.11.2023
  129


Автор: Студенттер күні

Студенттер күнінің шығу тарихы

17 қараша студенттер күні. Бұл күннің шығу тарихына көз салар болсақ қаншама қан төгіс оқиғалар орын алып, қаншама студенттік өмірлер қыпшыннан қиылды десеңізші. Жалпы айтқанда студент қауымдар елі үшін, жері үшін, ертеңгі күні үшін алаңдайтын орта дер едім. Өз құқықтары үшін бейбіт шеруге де шығудан тайсалмайтын, батыл жүректі жандар болып табылады.
Осы бір мерекенің тарихына үңілер болсақ, 1939 жылы 28 қазан күні фашистер  басып алған Чехословакияның  студенттері мен ұстаздары Чехословакия  мемлекетінің құрылғанына бір  жыл болғанын атап өту үшін  шеруге шығады. Билік өкілдері шеруді басып тастап,  медицина факультетінің  студенті Ян Оплеталды аяусыз  атып салады.  Яна  Оплеталды жерлеу рәсімі қайтадан  наразылыққа ұласып, шеруге шыққандардың  көбі қамауға алынады.
17 қарашада  гестапошылар  мен  эсэстер  таңертең  студенттік  жатақханаларды қоршауға  алынып, 1200-ден  астам  студент ұсталып,  Заксенхаузендегі  концлагерьлергеь  қамалды.  Студенттік  қозғалыстың  тоғыз  белсенді  студенті Рузина  атты  прагалық  ауданда  түрме  қабырғасында  сотсыз  дарға  асылды. Гитлердің  бұйрығымен  Чехиядағы  барлық оқу орындары соғыс  аяқталғанға дейін жабылды.
Міне, осындай көптеген қанды оқиғалардың нәтижесінде 1946 жылы 17 қарашада Прагада  өткен чехиялық студент-патриоттардың  құрметіне болған Бүкіләлемдік  студенттер конгресінде 17 қараша Халықаралық студенттер күні болып жарияланып, осылайша
Халықаралық  студенттер күні белгіленеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу