Эсселер ✍️

  04.11.2023
  86


Автор: Тұңғыш президент күні

Тұңғыш президент күні - Нұрсұлтан Назарбаев

Бүгін, яғни 1-ші желтоқсан елімізде мемлекеттік мерекелер қатарына қосылатын «Тұңғыш президент күні». Бұл күн несімен ерекшеленеді десек, — дәл осы күні елімізде ең алғаш рет президент сайлауы өтті. Сонымен қатар бұл сайлауда үлкен басымдылықпен тарихта қазақтың тұңғыш президенті атағымен есте қалатын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Жалпы президент кім десек, — елдің қамын ойлайтын, қиындық болса қорғайтын, игі істерде қолдайтын жанашыр жан, ел үшін деп қызмет етіп жүрген тұлға дер едім. Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елі үшін, елдің болашағы мен жай күйі үшін қолынан келгенін жасап, ел ертеңіне жол көрсететіндей даралы жол салды десек қате айтпағанымыз болар. Адам ретінде жасаған қателіктері бар шығар, пенде ғой, ал ел үшін деп жанын салып, жоқтан бар жасаған, мемлекеттік атақтың дәрежесін түсірмей, шетелдерге осындай Қазақстан деген Республика бар екенін таныта білген қазақтың тұңғыш Нұрсұлтан Әбішұлына айтар алғысымыз шексіз, рахметіміз көп. Расында да, ол қазақтан шыққан, қазақ елін 30 жылдай уақыт басқарып, зор жетістіктерге жеткен президент болып қала береді.
Бүгін міне, әр жыл сайын желтоқсанның 1-ші жұлдызында келетін тұңғыш президент күні. Атаулы күні әрбір мекемелерде арнайы іс-шаралар өтіліп, осы президент күніне арналған көріністер мен концерттік бағдарламалар болып жатады. Қазіргі уақытта тұңғыш президент күні деп аталған атаулы күн тарих беттеріне еніп, ерекше көңіл-күй сыйлап, жанымызды жадыратуда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу