Шығармалар ✍️
Тұңғыш президент күні
Желтоқсан айының 1-ші жұлдызы — тарихи маңызға ие, ерекше күн. Неге десеңіз біздің дәл осы күні, яғни елімізде алғаш рет 1991 жылы президент сайлауы өтті. Осы сайлауда 98.7 пайыз дауыспен жеңіске жетіп, еліміздің тұңғыш президенті мәртебесіне ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын. Елдің құрметіне орай Елбасы атанған Нұрсұлтан Әбішұлының елімізге жасаған игі істері орасан зор. Оның Қазақстан Республикасының әр қаласының жандануына қосқан үлесі көп.
Біздің елдің тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президент болып сайланған күні 1-ші желтоқсан, 1991 жыл. Бұл деректердің біздер үшін тарихи маңызы өте зор болып табылады.
Қаншама қантөгістердің арқасында, атап айтар болсақ азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың арманына айналған бұл күн, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы отан соғысы бар, Желтоқсан оқиғасы бар осы оқиғалардың барлығының жемісі болып табылатын Тәуелсіздік алуымыз, президент сайлап, өз алдымызға ел, Республика болып танылуымыздың барлығы да осы бір ерекше күнді айқындап отырғандай.
1-желтоқсан Қазақстанның тарихи шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш күннің Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс екені даусыз. Сондықтан бұл күн Қазақстан Республикасы үшін зор мәртебеге ие.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter