04.11.2023
  72


Автор: Тұңғыш президент күні

Тұңғыш президент күні

Елімізді отыз жылға жуық уақыт басқарған Нұрсұлтан Әбішұлының есімі қазақ елінің тұңғыш президенті болып тарихта қалатыны анық. Оның қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бері ел үшін жасаған істері орасан десек қате айтпағанымыз болар. Таяқтың екі ұшы болатындай, Нұрсұлтан Әбішұлының ел үшін жасаған жақсылығын неге айтпасқа? Жаманын жасырып, жақсысын асыратын қазақпыз ғой. Елбасы деп құрметтеп, ел президенті деп жоғарыға көтеріп, мәртебесін асыру біздің еліміздің ерекше қасиеті деп білемін. Расында да Назарбаев қазақ елі үшін көп жақсылық жасады. Астанамызды Арқа жеріне ауысытырып, биік ғимараттары бар әсем Астананың негізін қалады. Бәйтерегіміз қандай, қарасаң көзің тоймайды. Түркістан қаласының мерейін көтеріп, Түркістан облысы деп, өз алдына облыс жасады. Бүгінде Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, күн өткен сайын жанданып, гүлденіп келеді. Мұның бәрі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы деп білемін. Осындай игі істеріне алғысымыз шексіз!
Тұңғыш президент күні — 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке болып табылады. Желтоқсан айының 1-ші жұлдызында тойланатын бұл мерекенің мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін маңызы зор ерекше.... Оның тарихы да тереңде, 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Содан бері бұл күн тарихта алтын әріптермен әспеттеп жазылатын күн болып табылады. Ия, дәл осы күні алғаш рет Қазақстан елінің президенті болып сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің тұңғыш президенті болып табылады. Бұл ешқашан өзгермейді, өзгеруі де мүмкін емес!
Ендеше, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні құтты болсын! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу