Эсселер ✍️
Экологтар жайында
Қоршаған ортамызды, яғни табиғатымызды қорғау біздің басты парызымыз болмақ. Ал осы қоршаған ортамызды зерттеп, зерделейтін маман иелері экологтар болып табылады. Организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланысының заңдылықтарын зерттеу экология ғылымына тиесілі. Ол грек сөзі oikos — тұрғын жай, logos — ғылым ғылымының міндеті екенін алғаш рет 1866 жылы Э. Геккель «Ортақ морфология» деген негізгі еңбегінде атап көрсетті. Экология мамандығы экологиялық факторлар, жануарлар мен өсімдіктер қарым-қатынасын болжау әрі әсерлерін анықтайды. Экологтардың қызметі біздің қоршаған ортамызға тигізер пайдасы өте зор. Экологтардың қызметі арқылы қоршаған ортамыздың жай-жапсарын сезініп, олар жайлы тың дүниелерді біле аламыз.
XX ғасырда ғана экология жеке ғылым саласы болып қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта ғана экология өте көп салаларға жіктелген ғылым саласы болып отыр. Жалпы экология, физиологиялық экология, мінез-құлық экологиясы, попуяцияның және бірлестіктің (қауымдастықтың) экологиясы, экологиялық жүйелердің экологиясы, сонымен бірге ландшафтар экологиясы және стастикалық экология деп бөледі.
Экологияның міндеті тірі организмдердің тіршілік ету заңдылықтарын белгілі бір уақыт және белгілі бір кеңістіктегі санын, тірі организмдердің қатысуымен заттар мен энергия айналымын, сонымен бірге организмдердің қоршаған орта факторларымен және олардың өзара байланыстарын зерттейді.
Қоршаған ортамызды зерттеп, ішкі жан дүниесін біздерге айқындап беретін экологтардың жұмысына сәттілік тілей отырып, еліміздің болашағы үшін деп жасап жатқан қызметтеріңіз жандана берсін дейміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter