23.10.2023
  102


Автор: Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Журналистер елдің адамы

Журналист болу оңай шаруа емес екенін білеміз. Дей тұрғанмен журналист боламын деп жүрек қалауымен талап қылған адам жақсы журналист болары анық. Абай атамыз айтқанындай: «Талап, еңбек, терең ой» журналистер жұмысын жақсарта түспек. Талабы жоқ адам, жұмысқа деген қызығушылығын жоқ адам биіутерді бағындыра алмасы анық.
Мықты журналистер кімдер десек — олар әрине ел алдына шыққанда қаймықпай, айтар сөзін анық жеткізе алатын адамдар. Жалпы қандай жұмыс болмасын, қандай қызымет болмасын бәрі де талап пен еңбектен, келеді. Жұмыс жасаған стажы артқан сайын мықты маманға айнала түсетіні анық.
Журналист болуды қалаған әрбір талапкер өз ойын жетік етіп, кеңінен жеткізе алуы тиіс. Тілшілер деп аты айтып тұрғанындай-ақ тілшілер қазақ тіліне шешен болуы керек. Журналистер тіл байлығы арқылы оқырман мен көрермендерді өзіне баурап алатыны анық.
Журналистика саласы билік пен халықтың арасындағы дәнекер болып табылады. Қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір. Бұл сала өте ауыр сала, қызығы мен шыжығы көп, нағыз еңбекті талап етеді. Мысалыға: Дәрігер адам жанын арашалаушы болса журналистер адам тағдырын әдідетсіздіутен арашалайды. Жазықсыз жандардың жазықсыз құрбан болып кетпеуі әдеби сөздерімен, келтірілген дәлелімен жазықсыз жанның қанатына су бүркіп, оларды қолдап жүреді. Ауылдың кемшіл тұстарын, газ, су, мектеп, бала-бақша секілді мәселелерді көтеретін де осы журналистер болып табылады!
Ел алдында аянбай еңбек етіп, елдің, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген журналистер мерекелеріңіз құтты болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу