Эсселер ✍️
Журналистер күні ол:
Әр жыл сайын тойланатын, көптеген іс-шаралар болып аталып өтілетін Журналистер күні ерекше мерекелер қатарына жатады. Бұл мереке күні арнайы демалыс берілмесе де бұл күн ерекше құттықтауға ие күн. Дәл осы журналистер күнінде түрлі БАҚ өкілдері арасында сайыстар мен байқаулар өткізіліп жеңістің төрінен көрінген жеңімпаздар түрлі марапаттарға ие болады. Бұл күні Республика көлеміндегі түрлі ізденіске ие БАҚ өкілдері өздерінің қызмет бабындағы кезеккен,бастан өткен ерекше оқиғаларымен бөлісіп жиналған жұртқа баяндап береді. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы да көптеген жаңалықтарымен бөлісіп халықтың жүрегінен орын алып жүрген тілшілер де көп. Осы салада аянбай еңбек етіп өз шыңын бағындырып, халықтың сүйікті журналисіне айналған қаншама журналистер бар. Олардың жай-күйін желі арқылы біліп отырған халық олар үшін алаңдап, уайымға салынатыны жасырын емес. Сондай ерекше журналистің бірі Бейсен Құранбек еді. Ол телеарна арқылы халықтың жүрегінен орын алып, дүйім жұртты өзіне қарата білді. Өзіне баурап алды. Ал ол ауырып ауруханаға түскенде қаншама адам алаңдап, уайым шекті. Ауруы асқынып, өмірден өткенде жылап, қайғырмаған адам болмаған шығар. Қазақ елі тұрғанда Бейсен Құранбек аты ешқашан өлмесі анық. Міне, бұл дегеніміз дарынды тілші, дарынды журналист ел жүрегінде мәңгі қалады деген сөз.
Бойында адамды өзіне баурап алатын қылықтары мен дарыны, білімі бар журналистер әрқашанда елдің сүйіспеншілігіне бөленері анық.
Интеллект, құштарлық пен құзыреттілік — бұл әр журналисттің бойынан табылу керек қасиет. Бұл қасиеттер тобы журналист үшін өте маңызды болып табылады. Құзыреттілігі жоқ, жұмысына селқос қайратын, ізденімпаз емес, бойында қызыметіне деген құштарлығы жоқ тілшілердің ой-өрісі төмен, жауапкершілкті сезіне алмайтын журналистік қызметін дұрыс атқара алмайтын жандар деп білемін. Өйткені оның білімі мен аналитикалық талдау қабілеті қарабайыр деңгейде қалып қояды.
Журналистер күні ол — журналистердің еңбектері бағаланып, ел сүйіспеншілігіне бөленетін, түрлі марапаттарға ие болатын ерекше күн. Дәл осы күні тілшілерді салтанатты түрде құттықтап, түрлі алғыс хаттар беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter