Шығармалар ✍️
Тілшілер күні
Журналистика — ақпараттық қоғамда елеулі орын алатын сала десек қате айтқанымыз болмас. Бір журналистердің өзі қаншама салаға бөлінетіні айтпасақ та белгілі дүние.
Ақпараттық салада жүрген тілшілерді атап айтар болсақ: телеарнада жүретін жүргізуші тілшілер оның ішінде жаңалықтың жаршысылары, түрлі бағдарламаларды жүргізушілер бар, зияткерлік ойындарды жүргізушілер бар барлығы да телеарна арқылы елдің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген жандар. Оларға қарап бой түзейміз, ой түзейміз.
Ал газет-журнал, түрлі сайттың Тілшілері оқырмандарын өздерінің әдеби, мәдени сөздерімен елдің жүрегінен орын алады. Міне осындай тілшілер арқылы елдің және әлемнің жаңалықтарын біліп, көзбен көріп отырамыз.
Тілшілерсіз әлеуметтік ортаның күнделікті өмірін елестету қиын болады. Бұл сала пайда болғалы пайда болғалы халықтың тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын, жағымды да жағымсыз, дұрыс пен бұрыс дүниелерді, әділетті бағалау,, объективті түрде ақпаратты жеткізу тағы да осындай сияқты ақпарттарды беруде журналистер жұрт ішінде өзінің маңыздылығын арттырып отыр.
Ал мықты да қырағы журналист болу әр адамның өзінің кәсіби шеберлігіне байланысты болмақ. Озық журналисті толықтай айқындайтын, оны ерекшелеп тұратын, өз ісінің нағыз майталманы ететін — олардың бойындағы даралық қасиеттері болып табылады. Олар сөзге шеберлігіне байланысты өз биіктеріне қол жеткізеді. Әрбір тілшілер еңбек ету жолында көп ізденісте болса өз мақсатына жетпей қоймайды. Осындай дара істерімен ерекшеленіп тұратын журналистердің төл мерекелері, яғни журналистер күні бар. Дәл осы күні түрлі іс-шаралар өткізіліп мықты болып танылған тілшілерге түрлі марапаттар беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter