18.10.2023
  314


Автор: Прокуратура күні

6 желтоқсан - Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби күні

Құрметті Прокуратура органдарының қызметкерлері!


Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Еліміздегі тұрақтылық пен азаматтардың қалыпты өмір сүруі прокуратура органдарының қызметінің тиімділігіне байланысты. Прокурорлық қадағалау қоғам өмірінің барлығына дерлік маңызды саласын қамтиды, ал тиімді құқық қорғаушылық мақсат пен заң үстемдігі оның қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Прокурорлардың күш - жігері қоғамдағы әлеуметтік - саяси тұрақтылықты нығайтудың, азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең маңызды бағыттарына шоғырландырылған.


Прокуратура қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді.


Құрметті Дабыл Аянұлы! Сізді және Сіз арқылы аудандық прокуратура қызметкерлерін бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мемлекет игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!


Ізгі ниетпен,


Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу