15.10.2023
  1465


Автор: Әкім Ысқақ

Алтыным! Қанша аяз болғанымен көктем шықпай қоймайды. Жаздың соңы сарғайған күзге айналмай тұрмайды. Күз – қоңыр салқын кез. Жан-дүниеңдегі сағыныш отын маздатып елегізисің, әлденені күткендейсің. Көкте із салып, қимастық үнмен тыраулаған тырналардай әлдене көңіліңмен ұшып бара жатқандай сезіледі. Қайта орала ма, жоқ па? Ол жағы беймәлім.
Өмір – міне, осындай! Суығына тоңбай, жылылықты сезіне алмайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу