15.10.2023
  257


Автор: Әкім Ысқақ

Алтыным! Иә, айналадағы жандардың бәрін қатыгез, қара деп қабылдауға болмайды. Өмірде асыл адамдар, нұрлы жүректі жандар жоқ емес! Соны көрдім, соны сезіндім. Мейірім - шапағаттың, ізгіліктің арқасында мерейің тасиды екен. Аспанды бұлт басқанда, көңілге көлеңке түскенде, күн көрінбей қалғанда... жақсылықтың жарқын жүзін анық көрдім. Сол жылылықтың арқасында көңілге қайта көктем ұялап, айналам жарқырап, шындықтың шырағы жағылды. Көңіл экранына қарап, шуағы мол ақниетті жанды байқадым, адамдық жүрегінің дүрсілін естідім... «Жақсы жанның қадірін іс түскенде білерсің, қара етіктің қадірін қыс түскенде білерсің» деп атамыз қазақ қалай тура айтқан десейші!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу