Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.10.2023
280
Берсейші хабар, Арайлым
Шықпайтын болдың санамнан,
Бір сенде мендік бар арман.
Атпай-ақ қойды таң бүгін,
Шуақ боп келші жан нұрым!.
Есімді алған елес ең,
Хабарсыз кеттің неге сен.
Өткеннен, жаным, қалды із мың,
Аққудай сыңар, жалғызбын.
Жадымда бейнең тұрады,
Көңілдің өшпей шырағы.
Тағдырдың қысса сынағы,
Кім екен бұған кінәлі?
Шырқайды аспан түнгі әнін,
Өмірде тәтті мұң барын.
Толқиды жаным ақ айдын,
Берсейші хабар арайлым?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter