12.10.2023
  254


Автор: Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен құттықтау

Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің еңбеккерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!


Бұл күні ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін ғана емес, сондай-ақ таңнан таңға дейін, демалыссыз еңбек ететіндерді, көкөністер өсіретіндерді, үстелімізге сүт, ет және басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізетіндерді құттықтайды. Бұл - танаптар мен фермалар қызметкерлерінің, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандарының, ғалым-аграршылардың, тамақ және қайта өңдеу индустриясы мен агроөнеркәсіптік кешен жұмыскерлерінің мерекесі.


Агроөнеркәсіптік кешен - қоғам үшін өмірлік маңызы бар өнімдер өндірілетін және орасан зор экономикалық әлеует шоғырланған кез келген ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі.


Ақмола облысы - Қазақстанның ірі агроөнеркәсіптік өңірлерінің бірі. Бүгінгі таңда өңірдің агроөнеркәсіптік кешені тұрақты өсім көрсетіп отыр. Ел аумағының 5%-дан астамын алып жатқан облыс әлемдік нарықта жоғары бағаланатын, Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бір бөлігін өндіреді. Айта кету керек, біз бидай экспорты бойынша ҚР-да жетекші орындамыз. Жыл сайын біз 2 млн.тоннадан астам астықты алыс және жақын шетелдің 30 еліне экспорттаймыз.


Сондай-ақ, біздің өңір сүт, ет, нан пісіру, макарон кәсіпорындары, сондай-ақ алкогольді және алкогольсіз сусындар өндіру жөніндегі кәсіпорындар кіретін көпсалалы өңдеу кешеніне ие.


Сіздердің ауыр, бірақ қажетті, жасампаз еңбектеріңіз үшін ризашылық пен алғыс сөздерін қабыл алыңыз. Сіздерге, отбасыларыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу