Өлеңдер ✍️
Мейірім
Менде мейірім көп!
Қанша керек? Алыңдар!
Қатып қалған жүректерге...
Уыстап кеп салыңдар!
Қастасқандар достасқанша...
Ал туыстар ұғысқанша...
Қызғаныштар жылысқанша...
Жылы сөзім таусылмайды нәрі бар!
Менде мейірім көп!
Қызуы ыстық оттан да!
Суып қалған сезімдерге шоқ сал да,
Қыздырыңдар... тоң боп қатқан
Реніштер...
Еріп кетсін көңілдерде сақталмай...!
Менде мейірім көп!
Кімге керек..? Сұраңдар!
Жүректе - нұр, ал тілімде - Құран бар!
"Иман"- деген, шуағым бар ішімде -
Жарығыма жақындаңдар, тұрмаңдар!
Айналаға тимесін деп зияны,
Мені тілім, ғайбат сөзден тияды.
Адамдардың ең жаманын алып кел -
Ол да менің мақтауыма сияды...!
Жек көретін сезім менде жоқ мүлдем,
Көзім ылғи мейірім төгіп тұрады.
Шәкірттердің қиқарлығын көргенде,
Әзәзіл ой мейірімімді қуады.
Сабыр келіп салқынқанды сөз айтып,
Жүрегіме тәтті сезім құяды.
Жаратқанға деген сенім нұр болып,
Айналама шашылуда шуағы.
Ей, адамдар!
Жақындаңдар, жаныма..
Көргің келсе махаббаттың бұлағын,
Сезгің келсе мейірімнің шуағын..!
Менде мейірім көп..!
Гүлмекен Қасенбай
15.01.2021
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter