Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.10.2023
249
Жақсы адамдар
Жақсы адамды көре қалсам тілеймін,
Ұзақ өмір сүргей-деп.
Жақсы адамдар - нұрдан тамған тамшылар,
Жан дүниесі тым бөлек.
Жақсы адамдар қарапайым, сыпайы,
Пасықтық жат оларға...
Жақсы адамға сырыңды ашып, сырлассаң -
Шын жүрекпен ұғады!
Жақсы адаммен уәделессең... ұмытпай,
Сертінде нық тұрады!
Саған айтпай, білдірместен сыртыңнан,
Көп жақсылық қылады...!
Жақсы адамдар жан-жағымнан қаумалап,
Сәуле берді көңілге...!
Тек жақсылар болғаны үшін ұнайды -
Мына жалған өмір де!
Ең қиыны - жоғалтуға қорқамын,
Қымбат маған әр бірі....!
Мен сендерді жақсы көрем,
Жақсылар...
Бар болыңдар, БАРЛЫҒЫҢ!!!
Гүлмекен Қасенбай
05.12.2020
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter