Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.10.2023
268

Мейірімді аналар
Аналар күн сияқты,
Жерге нұр төгетін.
Жүздері мейрімді,
Жылулық сезесің.
Ұрысқаны білінбейді,
"Күнім"- деп тұрғандай.
Қуантсаң күлімдейді,
Айдан нұр тамғандай.
Бес алсаң күледі,
Қуанып, шаттанып.
Елге айтып жүреді,
Сыртыңнан мақтанып.
Бар болшы аналар,
Қымбатсың әрбірің.
Бақытты сіздермен,
Ұл-қыздың барлығы!
Гүлмекен Қасенбай
02.01.2022
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇