Эсселер ✍️

  09.10.2023
  119


Автор: Еңбек күнi

Еңбегің барда

Адамның өмірі еңбек етумен тығыз байланысты екені рас. Еңбек етуге ата-аналарымыз бізді бала кезімізден бастап баулиды. Өйткені, адам мен еңбек арасы – ажырамас ұғым дер едім. Еңбек барда өмір бар, кеудеде жаның барда еңбек ету әрбірімізге парыз. «Жас кезіңде пейнет бер, қартайғанда зейнет бер» — деп бекерден бекер айтылтаса керек-ті. Жас шағымызда деніміз сау болса еңбек етіп өз керегіңді тапқанға не жетсін, шіркін! Чарльз Дарвиннің теориясына қарасақ, маймылдар еңбек етудің арқасында адам болып қалыптасқан. Яғни адамдардың жануарлардан айырмашылығы еңбек екуінде болып тұр ғой. Сол еңбектің арқасында көптеген жаңадан технологиялар дамып жатыр. Көптеген ғылыми еңбектер жазылып жатыр. Көптеген бойы аспанды тіреген көз тартатын ғимараттар бой көтеріп жатыр. Бұлардың бәрі жайдан-жай келе салған жоқ қой, бәрі осы еңбектің арқасында нәтижесін беріп отыр.
Қарап отырсақ, бұл өмірдегі табысы көп жандар еңбекқорлар сияқты. Олар ақ адал қызметімен немесе қара жұмыс жасаса да тыным таппайтын жандар деп білемін. Көзін тапса қандай жұмыс болмасын өз нәтижесін беретіні анық. Ал жұмыстың көзін таппай,жұмыстың қыр-сырын білмей жұмыс жасайтындар үшін еңбектің мәні жоқ. Олар үшін еңбек жолы қиын жол. Жасай алмаймын, қолымнан келмейді деп ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін жандардың биік бір белесті бағындыратыны мүмкін емес.
Еңбектің наны тәтті,— дейміз. Расында еңбекпен келген нан бойыңа сіңімді болары анық. Еңбек етпей арманыңа да қол соза алмайсың. Тіпті, кішкентай сәбиді алып қарасақ, ол қарны ашса не істейді, жылайды, жыламаса оған емшек кім береді, сұрамаса оған тамақ кім береді?! Міне, өмірдің заңы осындай, еңбек етсең бәрі де оңай, бәрі де керемет!
Барлық саланы қамтитын, еңбек етіп ел үшін деп қызмет етіп жүрген жандарды, құрылыста, жалдамалы жұмыста маңдай термен еңбек қып жүрген, бірде айлығын беретін, бірде айлығын бермейтін кейбір мекемелерде қызмет етіп жүрген барлық еңбексүйгіш жандарды еңбек күнімен құттықтаймын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу