09.10.2023
  68


Автор: Еңбек күнi

Құтты болсын бүгінгі еңбек күні

Құтты болсын бүгінгі еңбек күні,
Еңбекпенен жанданар барлық әлем.
Мерекеде жанданып, жарқыраңыз,
Шын жүректен баршаға менен сәлем.

Еңбек еткен адалдық жолыменен,
Еңбексүйгіш жақсылар аман болшы.
Еңбек күні қуаныш, шаттық сыйлап,
Толған айдай жарқырай тағы толшы.

Еңбек етер адамдар күн-түн демей,
Түспесінші ешқашан көңілдерің.
Жаратқаным жар болып сіздерге тек,
Бар бақытын сыйласын өмірлерің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу