Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.10.2023
2777
Республика күніне бас иеміз
Республика күніне бас иеміз,
Қазағыма қуаныш, бақ әкелген.
Декларация жазылған күні осы,
Республика күні атты сәт әкелген.
Республика күніне бас иеміз,
Туымызды көгімде желбіреткен.
Тәуелсіздік күніне жолды бастап,
Әр жүректі қуантып, елжіреткен.
Республика күніне бас иеміз,
Шын жүректен шырқатып әнұранды.
Боздақтарды әрқашан еске аламыз,
Кеткен жандар қасқая беріп жанды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter