Эколог күні құтты болсын!
5 маусымда елімізде кәсіби мереке – Эколог күні атап өтіледі.
Барлық табиғат қорғаушыларына, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандарға, барлық қоғам қайраткерлеріне — экологтар мен белсенділерділерге кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын дегім келеді.
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мамандарын да шын жүректен құттықтаймын. Сіздер бірқатар ірі жобаларды ойдағыдай жүзеге асырдыңыздар, солардың бірі – Семей сынақ полигонының барлық аумағын кешенді экологиялық тексеруді аяқтау. Қазақстанның бүкіл аумағындағы экологиялық проблемаларды шешуге зор үлес қосып келесіздер. Біз сіздердің еңбектеріңіздің нәтижелерін, кәсіби шеберліктеріңізді мақтан тұтамыз.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат және амандық тілеймін!
Эрлан Батырбеков, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter