Өлеңдер ✍️
Айнам!
Айнам! Мен сені әліде ұмытпадым,
Ұмытпадым өзіңді құрып хәлім
62-тамырдан зулап өткен,
Қайнап жатыр өзіңсіз қызыл қаным.
Арпалысып тағдырмен арыстанша,
Шөгіп барам өзіңсіз жас жаңбырша,
Ауытқып жүрек кеудеден нығалады,
Сене алмай басқаға көз жанары.
Шынымен қоштастықпа тау қорғаным?
Сен бар кезде қадамды нық басамын,
Алып таудай жүрекке сенім берген.
Шынымен қоштастықпа ақ қанаттым?
Кездер-ай бірге ойнап бір күлген...
Күндерім-ай махаббаттқа сеніп кеткен,
Уақыт болса өтті ғой тыйылмаған.
Сезесіңбе қандай қатты қиың маған!
Қиың маған өзгеге сыр ақтарған,
Қиың маған өзге үшін өлең жазған.
Сыйымды алған бұл махаббат!
Сыйымды алған!
Қарғыс атсын тағдырды біз қоспаған,
Мен сені ұмытпадым расында...
Төңкерілген дүние арасында.
Қаңыраған жүрек енді соғасыңба?
Қарлығашым!Қорғаным!Ақ қанаттым!
Шығардың ау сен маған шың шатқалын,
Сен бар кезде барлығы оңай еді,
Үмітімде бір-бірден тоқтай келді.
Жылдар қайда бізді бірге жүргізген,
Сен қайдасың маған бақыт көп берген
Сол кездері көзің отты қарағым,
Ұмытылмас жанар алып жанғаның.
Күндер келер!Күндер келер! Қайтадан!
Қойған кезде сені биік алтыннан,
Өмір сондай сені маған жазбаған,
Тағдыр сондай екеумізді айырған.
Жүрегім-ай ұмыта алмай қиналған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter