Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  647


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Жігіттердің сырттаны

Сыйлаймын деп əуре болма күн-айды,


Шайырыңда керек емес, шырайлы.


Көшедегі «көп аттының бірі емес»,


Жайнамазда жатқан жігіт ұнайды!


 


Сəлем жолдап үздігетін қашықтан,


Аңғал жандар...


Арнасынан тасытты əн.


Жүрегіме жылы жандар ұнайды,


Жұма сайын, Алла үйіне асыққан!


 


Мейлі, қанша түнгі ұйқымды ұрлаңдар,


Бірақ, сабыр самалымен нұрланды ар.


Маған қымбат, туысы үшін дұға етіп,


Анасына сауап сұрап тұрғандар!


 


Көрсем дағы қиындықтың қандайын,


Сабыр берген жандар қанша, əрдəйім.


Маған ыстық, жігіттері Қазақтың,


Сəждеге əкеп сүйгізетін маңдайын.


 


Керек емес, намысымды жыққаны,


Құлқын құлы, құр сөз болса жұтқаны.


Маған қымбат, жүрегінде иманы,


Жүзі сұсты... Жігіттердің Сырттаны!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу