Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.09.2023
238
Суық қандай, тоңдырады қара күз…
Суық қандай, тоңдырады қара күз,
Жылытпайды жылы сөздер, дала сыз.
Аспандағы ала бұлттар қатулы,
Көңілімнің жағалауы ғана мұз.
Сары жапырақ, сағынышым секілді,
Сағынышты кешіп бара жатырмыз,
Тырналардың қанатына ілініп,
Жылы жаққа көшіп бара жатырмыз.
Хош бол менің, тамылжыған күндерім,
Қара күзге тоңып қалды, қара қыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter