Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  86


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Өзек құрт

Мына заман,


— дей аламба зор заман.


Қыран қайда,


Көкке қанат қомдаған.


Шүрегейдей шөптің түбін паналар,


Кей жандардың қылығынан қорланам.


Ақ сауыты ай маңдайын ашатын,


Қабағынан жау жасқанып қашатын.


Батырлардың елінде,


Бұрын соңды мұндай жағдай болмаған!


Ех Оңбаған!


 


Қай атаңда бар еді,


Еркектері ерін бояп сызылған,


Киім кию, жасылы мен қызылдан.


Азамат деп,


Есіміңді мадақтар. Қыз біткеннен,


Үзілді əн!


Ех Бұзылған!


 


Осылайша бүлінді ме күн тізбем,


Жаңылмаса екен енді,


Ұлт ізден.


Мына заман ит қоритын қораға,


Шошқаны əкеп үргізген.


Ех, қайдасың,


Тəуке ханның жарлығы.


Еркектікке сын келтірген адамды,


Ат артына теріс қарап мінгізген.


 


 


Енді қалай,


Шығады екен текті өлең.


Қайда қалды,


Ант деген, серт деген!


Заты еркек,


Келбеті əйел — сұрықсыз,


Кетіп жатқан құрықсыз,


Тұқымыңды тұздай құртар ұрықсыз.


Өз болмысын,


Өз қолымен шектеген,


Қазаққа осы кесел ме еді жетпеген,


Екі болмыс арасында қап кеткен,


Азбанқұлды жек көрем!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу