Өлеңдер ✍️

  23.09.2023
  133


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Мен сені жек көремін

Оралып ойдан шыға алмай, Мəңгүрт күй кешкенім үшін. Шерімді іштен шығармай, Күлкімді кескенің үшін.
Мен сені жек көремін..!


 


Жүректің аспанын ашып, Жұлдызды санатып қойдың. Гүл сынды шуаққа ғашық, Шығысқа қаратып қойдың. Келмейсің, кет демедің,
Сол үшін жек көремін..!


 


Елемей Еңліктің мұңын, Себепсіз сүйгенім үшін. Өткен де, кеше де, бүгін, Жүйкеме тигенің үшін. Мен сені жек көремін..!


 


Оралма!
Мен-ақ қиналам, Үзілсін күдерім мүлде. Кешегі өзің сыйлаған, Алып кет гүлдеріңді де. Аулама екпе менің, Мен сені жек көремін..! Мен сені жек көремін..!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу